Оқиға

Ақтөбеде 6-қабаттан құлаған үш жасар бүлдіршін аман қалды

© Photo : paolatinaбүлдіршін терезенің алдында
бүлдіршін терезенің алдында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбе облысында соңғы бірнеше күнде екі бүлдіршін терезеден құлады. Олардың бірі қаза тауып, екіншісі ауыр хәлде жатыр

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Кішкентай бүлдіршін алтыншы қабаттан құлап, аман қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оқиға дүйсенбі, 26 маусым күні Құлымбетов көшесі, 196 үй мекен жайында орын алды. Шыбын-шіркей торы баланың салмағымен жыртылып кеткен. 

"Жәбірленушіні тексергенде, бас сүйегінің сынуы және іштің жабық жарақаты диагнозы қойылды", — деп мәлім етті жедел жәрдем ауруханасының сарапшы дәрігері Татьяна Топельская. 

Қазір бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. 

Дәрігерлер сондай-ақ осыған ұқсас жағдайдың Ақтөбе маңындағы Қарағалы кентінде 23 маусымда болғанын айтты. Бірақ ол жерде сәби шетінеген. 11 айлық бала шыбын-шіркейге арналған торды бұзып, бесінші қабаттан құлаған. 


Жаңалықтар
0