қамауға алынған адам

Судья жеткіншекпен жыныстық қатынасқа түсті деп айыпталып отыр

810
(Жаңартылды 18:03 13.07.2017)
Судья кәмелет жасқа толмаған баламен гомосексуалды байланысқа түсіп жатқан кезде ұсталды, сот өкіліне қатысты тергеу жүргізілуде

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Иркутск аудандарының бірінің судьясы автокөлікте жеткіншекпен жаныстық қатынасқа түсіп жатқан кезде ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып. 

Оқиға 3 шілдеде орын алды. Росгвардия қызметкерлері қалалық жағажайдың маңында терезесі ашық тоқтап тұрған автокөлікті көріп, машинаны айдап әкетіп, қалдырып кеткен екен деп ойлап көліктің маңына барады. 

"Қызметкерлер автокөлікке жақындап келгенде ішінен тыр жалаңаш ер кісі мен жеткіншекті көреді. Олар ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген", — деп растады Иркутск облысы бойынша Росгвардия басқармасының баспасөз өкілі Светлана Карань. 

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз РИА Новости-ге ұсталған ер адамның Иркутск қаласы Октябрь ауданының судьясы қызметін атқаратынын растады. Оның деректеріне сәйкес, ер адамды жеткіншекпен жыныстық қатынасқа түсіп жатқан сәтте ұстаған. 

"Жеткіншек ер кісімен әлеуметтік желіде танысып, жыныстық қатынасқа өз еркімен түскенін мойындады. Ұсталған адам бұрын ІІМ институтында оқытушы болып істеп жүрген кезде курсантпен гомосексуалдық байланыста болғаны анықталды", — деп хабарлады дереккөзі. 

Иркутск қаласының Октябрь аудандық сотында полицейлер ұстаған судьяның шілдеде қызметтен босап, сотта жұмыс істемейтінін атап өтті. 


810
Ан-2 ұшағы

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

608
Семей – Үржар бағыты бойынша санитарлық рейс орындаған ұшақ әуежайға қонғаннан кейін жана бастаған

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан соң болды. Санитарлық рейс орындаған ұшақ Үржарға Семейден ұшып келген.

Өрт шыққан кезде ұшақ бортында адамдар болмаған. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ "Тараз Жаңа Әлем" жекеменшік әуе компаниясына тиесілі.

Тағы оқыңыз: Қарағанды түбінде апат: әскери ұшақтың құлаған сәтінің видеосы жарияланды

Бұл факті бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Жеңіл моторлы Ан-2 ұшақтары ауыл шаруашылығында, әдетте алқаптарға  тыңайтқыштар мен пестицидтер шашу үшін пайдаланылады.

608
Кілт сөздер:
өрт, ұшақ
Астанадағы жедел жәрдем автокөлігі

Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды

2543
Исатай ауданы дәрігерлік амбулаториясының екі медицина қызметкері мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мерт болды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Атырау облысында жол апатынан жедел жәрдем бригадасы қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Исатай ауданы Зинедин ауылының маңында болған.

Құрылысы былтыр басталған Астраханға баратын тас жолда жедел жәрдем әскери "КамАЗ"-бен соқтығысқан.

"Исатай ауданының дәрігерлік амбулаториясына тиесілі жедел жәрдем көлігінде жүргізуші мен екі медицина қызметкері болған. Олардың барлығы да ажал құшты", - мәлімдеді өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы "КамАЗ" рөлінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген 20 жастағы сарбаз болғанын нақтылады.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

2543
Кілт сөздер:
жедел жәрдем, Атырау облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Көкшетау түбінде жол апатынан үш адам көз жұмды
Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 12 адам зардап шекті
Тоқтап үлгермеген: 18 көлік соқтығысқан жол апатынан 29 адам зардап шекті – фото
Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, біреуі – сәби
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

0
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

0
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы