Оқиға

Дәрігерлер Сәтпаевта зорланған қызға ота жасады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтужан сақтау бөлімшесі
жан сақтау бөлімшесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Педофилден зардап шеккен қызға ота жасалды, ол Қарағанды ауруханасында жатыр

АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Сәтпаев қаласында бірнеше күн бұрын зорланған қызға ота жасалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. 

"Қыз балаға облыстық медицина орталығында ота жасалды, қазір оның жағдайы бірқалыпты. Ол қажетті емнің барлығын алып жатыр", — деп ақпараттандырды Иса. 

Бұл ретте денсаулық сақтау басқармасында ота жасаудың мән-жайын нақтылаған жоқ. 

Баламен психологтар жұмыс істеп жатыр. 

Сәтпаев қаласында бес жасар қыз өткен демалыс күні жоғалып кетіп, 50 жастағы ер адамның пәтерінен табылды. Ол қызды алдап әкетіп, зәбір көрсеткенін мойындады. Күдікті қамауға алынды.

Полиция сержанты жауап алу кезінде үзілісте педофилді соққыға жықты. Осы сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланып кетті. Полицей қызметтен босатылды. Сондай-ақ, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін оның үстінен қатысты қылмыстық іс қозғалды. 


Жаңалықтар
0