Жол белгісі

Семейде полиция қуған көліктен 18 жастағы қыз түсіп қалып, мерт болды

235
(Жаңартылды 13:41 31.07.2017)
Полиция қуған көлік жоғары жылдамдықпен келе жатқан

АСТАНА, 31 шілде — Sputnik. Семейде полицейлер қуған көліктен 18 жастағы қыз түсіп қалып, мерт болды, деп хабарлайды YK-avto.kz өңірлік басылымы.

Жұма күні полицейлер жоғары жылдамдықпен және сөндірулі шамдармен келе жатқан "Волга" көлігін байқап қалып, оның ізіне түседі. Олар жүргізушіден көлігін тоқтатуды сұрайды. Жүріп келе жатқан "Волга" көлігінің жолаушылар есігі ашылып, ішінен қыз бала құлап кетті. 

Кейін белгілі болғандай, қыз 18 жаста болған, алған жарақаттардан бойжеткен көз жұмды. 

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында бойжеткен көлік соғып, қаза тапты деп хабарланған болатын. Бірақ полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Қыздың көліктен неге түсіп қалғаны әлі белгісіз, тиісті сараптамалар тағайындалған. 

"Волга" жүргізушісі Бесқарағай ауданының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Жігітке қатысты қылмыстық тергеу басталды.

235