шомылуға тыйым салу

Жамбыл облысында бір және жеті жасар екі бала суға кетті

21
(Жаңартылды 17:06 31.07.2017)
Балалардың бірі арыққа екіншісі суға шомылу кезінде ағы кетті

АСТАНА, 31 июл – Sputnik. Жамбыл облысында өткен тәулікте екі бала мен бір ересек адам суға батып кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға  облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінде. 

Осылайша, Қордай ауданында, Қарасу ауылында, ересек адамдардың қарауынсыз қалған бір жасар бала арыққа құлап, батып кеткен. Қайғылы оқиға 29 шілдеде орын алды. 

Келесі күні Жамбыл облысы, Ақбұлым ауылында "Базарбай" арнасында суға шомылып жатқан 7 жастағы бала батып кеткен. 

Үшінші жағдай Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылында орын алды — Шу өзенінде жабдықталмаған орында шомылып жатқан 39 жастағы ер адам суға кетті.


21