жылқы

Көкшетауда ер адам жүк тиелген ат арбаның астында қалып қаза болды

130
Қарабұлақ аулының егде тұрғыны жүк тиелген ат арбаның астында қалып, ауыр жарақат алды. Дәрігерлер ер адамды құтқарып қала алмады

АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Жүк тиелген ат арбаның астында қалған ер адам Көкшетау ауруханасында көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарында. 

Көкшетау ішкі істер басқармасына Ақмола облыстық ауруханадан науқастың көз жұмғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ауруханаға келген полицейлер Бурабай ауданы Қарабұлақ ауылының 1939 жылы туған тұрғыны, 29 шілде сағат 11.45-тер шамасында бөшке су тиелген ат арбадан құлап кеткенін анықтады. Бұл кезде жегулі ат кенеттен жүріп кетіп қарт кісіні басып өтті. 

Зардап шеккен кісі жарақаттармен Ақмола облыстық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен кісіні дәрігерлер аман алып қала алмады. Денені мәйітханаға жолдап, сараптама тағайындалды. 


130
Ан-2 ұшағы

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

837
Семей – Үржар бағыты бойынша санитарлық рейс орындаған ұшақ әуежайға қонғаннан кейін жана бастаған

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан соң болды. Санитарлық рейс орындаған ұшақ Үржарға Семейден ұшып келген.

Өрт шыққан кезде ұшақ бортында адамдар болмаған. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ "Тараз Жаңа Әлем" жекеменшік әуе компаниясына тиесілі.

Тағы оқыңыз: Қарағанды түбінде апат: әскери ұшақтың құлаған сәтінің видеосы жарияланды

Бұл факті бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Жеңіл моторлы Ан-2 ұшақтары ауыл шаруашылығында, әдетте алқаптарға  тыңайтқыштар мен пестицидтер шашу үшін пайдаланылады.

837
Кілт сөздер:
өрт, ұшақ
Астанадағы жедел жәрдем автокөлігі

Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды

4535
Исатай ауданы дәрігерлік амбулаториясының екі медицина қызметкері мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мерт болды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Атырау облысында жол апатынан жедел жәрдем бригадасы қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Исатай ауданы Зинедин ауылының маңында болған.

Құрылысы былтыр басталған Астраханға баратын тас жолда жедел жәрдем әскери "КамАЗ"-бен соқтығысқан.

"Исатай ауданының дәрігерлік амбулаториясына тиесілі жедел жәрдем көлігінде жүргізуші мен екі медицина қызметкері болған. Олардың барлығы да ажал құшты", - мәлімдеді өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы "КамАЗ" рөлінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген 20 жастағы сарбаз болғанын нақтылады.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

4535
Кілт сөздер:
жедел жәрдем, Атырау облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Көкшетау түбінде жол апатынан үш адам көз жұмды
Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 12 адам зардап шекті
Тоқтап үлгермеген: 18 көлік соқтығысқан жол апатынан 29 адам зардап шекті – фото
Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, біреуі – сәби
Алматыдағы блокбекеттер

Алматыда бүгін түнде блокбекеттер алынады: әкім мәлімдеме жасады

249
Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні блокбекеттер алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блокбекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды ол Instagram-да.

Сағынтаев полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне 2,5 ай ішінде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтілгенін атап өтті. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Ол азаматтарды тәртіпке бағынып, тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды.

"Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Айта кетсек, 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынайды. Ал 5 маусымнан қалааралық автобустар жолға шыға бастайды.

249
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин