Оқиға

Қазақстандық сот Google-ды жауапқа тартты

© Sputnik / Айсулу Жумагуловасот отырысы
сот отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Google" ЖК Ұлттық ядролық орталық пайдасына тұрақсыздық төлемін өндірді

АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Павлодар мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында бір-екі күн бұрын ҚР Ұлттық ядролық орталығының шағымы қаралды. 

Шағым түсіруші жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылуын талап етті. Жауап беруші — "Google" ЖК.

" Google жеке кәсіпкері мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылсын. Google жеке кәсіпкерінен Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық басқару құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның пайдасына 10 080 (он мың сексен) теңге сомасындағы тұрақсыздық төлемін, 1473 (бір мың төрт жүз жетпіс үш) теңге мемлекеттік баж салығын төлеу бойынша шығынды өтесін", — делінген Павлодар облысы МАЭС-тің 14 тамыздағы шешімінде. 


Жаңалықтар
0