Оқиға

Жол апатында аяғынан айырылған Парафиева тағы бір ота жасатты

Жазылу
Дәрігерлер қызға екінші ота жасады

АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Жан түршіктірерлік жол апатынан екі аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиеваға тағы бір ота жасалды. Бұл туралы бойжеткен қыз өзінің Instagram. желісіндегі аккаунтында жазды. 

 

Публикация от Катерина Парафиева (@katerina_parafieva) Авг 20 2017 в 8:21 PDT

 

Екатерина Парафиева, - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жол апатында екі аяғынан айырылған қыз бокспен айналыса бастады
Екінші ота оның аяғына жасалған, Екатеринаның сөзіне қарағанда ол өзін жақсы сезінеді. 

Естеріңізге сала кетсек, жол апаты 16 маусым күні Әл-Фараби даңғылында болған. Honda кроссоверінің жүргізушісі мен жолаушысы жол ортада тоқтап қалған көліктен түсіп, көмек күтіп тұрған: автокөлік сынған кәріздік құдықты басып, дөңгелегі жарылып кеткен екен. Сол сәтте қарама-қарсы бағыттан Toyota шыға келеді де, жолаушылар автобусы оны Honda көлігіне қарай бір-ақ ығыстырады. Салдарынан екі қыз көліктердің арасына қысылып қалған. Сол күні Екратеринаның аяғын кесіп тастады. Оның құрбысы қатты зардап шеккен жоқ. 


Жаңалықтар
0