Алматыда жоғалған екі жасар бала өлі күйінде табылды

Алматыда жоғалған екі жасар бала өлі күйінде табылды

113
(Жаңартылды 17:50 25.08.2017)
Екі жасар баланы бүкіл қала бойынша екі күн іздеді, ал бүлдіршін өз үйінің аумағынан өлі күйінде табылды

АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Із-түзсіз жоғалып кеткен екі жасар Есімхан Аниз Шаңырак-2 шағын ауданына жер үйдің аумағынан табылды, деп хабарлады Алматы ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

"Отбасы тұрып жатқан үйдің әжетханасының түбінен із-түзсіз жоғалып кеткен баланың денесі табылды. Бала жоғалған кезде үйде ересек бесадамның болғаны белгілі. Олар бүлдіршінді таңертең сағат 11-де, бәрі ұйқыдан тұрған кезде ғана іздей бастаған. Басқа жағдайлар тергеу барысында анықталатын болады. Бұл отбасындағы жалғыз бала», — деді Әзірбек. 

Кішкентай баланы іздеуге криминалдық полиция бөлімі мен аудандық полиция қызметінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған. Үйдің маңы, кәріздік люктер мен құдықтар қаралды. Жұма күні іздеу жұмыстарына Ұлттық ұланның 50 әскери қызметшісі мен аудандық мектептердің 50 мұғалімі қосылды. 


113
Загрузка...