Комбайн

Қостанай облысында комбайншының екі аяғын дестелегіш кесіп кетті

25
(Жаңартылды 13:11 04.09.2017)
Зардап шегуші травматикалық шок алып, көп қан жоғалтқандықтан, ауруханада жан тапсырды

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Ұзынкөл ауданы Тойсоған ауылында комбайншының көмекшісі дестелегіштің астына түсіп қаза тапты.

"Қайғылы оқиға зардап шегушінің абайсыздығынан болған, ол комбайнның техникалық жағдайын тексеру барысында қауіпсіздік техникасын бұзған", — деп түсіндірді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Ведомство хабарлауынша, комбайншының 1997 жылы туған көмекшісі тізеге дейін екі аяғынан айырылған. Зардап шегуші аудандық ауруханаға жатқызылыпты. Көп қан жоғалтып, 3 дәрежелі травматикалық шок алғандықтан, науқас ауруханада жан тапсырды.

Қостанай облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасының еңбек бойынша инспекторы Максим Моргунов хабарлағандай, өндірісте қайғылы оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізу тағайындалған. Болған жайтқа жұмыс берушінің немесе жұмысшының қаншалықты деңгейде айыпты екендігі әлі белгісіз.

25