Қапшағайда ойынхана жанында қымбат көлікті өртеп жіберді

Қапшағайда ойынхана жанындағы қымбат көлікті өртеп жіберді

85
Казино жанында көлікті өртеп жіберген күдіктілер әзірге анықталған жоқ

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Қапшағайда "Астория" ойынханасының жанында белгісіз біреулер Toyota Land Cruiser көлігін өртеп жіберді. 

Оқиғаның видеосы желіде пайда болды. Бірнеше ер адам казина аумағындағы көліктің терезесін сындырып, біреуі белгісіз қарудан атады, нәтижесінде өрт шыққан. Ойынхана қызметкерлері жалынды өрт сөндіргішпен ауыздықтамақ болады. 

Алматы облысы ішкі істер департаменті көлікті қасақана өртеу фактісін растады. Полицияның хабарлауынша, оқиға 27 тамызда болған, ойынхана әкімшілігі Қапшағай ішкі істер бөліміне шағым түсіріпті. 

"Ойынхана жанындағы жарнама ретінде қойылған Toyota Land Cruiser-200 көлігін қасақана өртеп жіберді", — деді өңірлік ІІД өкілі Көбей Нұрахмет. 

ҚР ҚК 202-бабының 4-бөлімі (Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру немесе жою) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 


85