полиция көлігі

Алматыда полиция көлігі ірі жол апатына түсті

98
Көлікті учаскелік инспектор басқарған

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Алматыда полиция автокөлігі төрт автокөліктің қатысуымен болған апатқа ұшырады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Жол апатының видеосы Желіде пайда болды. Видео кадрларында мемлекеттік номері бойынша Алматы облысының полициясына жататын арнайы машинаның тағы үш автокөлік: Toyota Carina, Toyota Camry және Audi 80 "жинап әкеткені" көрініп тұр. 

Полиция автокөлігінің қатысуымен болған жол апаты дерегін Алматы облысының ІІД-де растады. 

"Жол апат 27 тамызда Алматының шетінде болды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Көліктер зақымданды. Көліктің рулінде Іле АІІБ учаскелік инспекторы болған. Қызметтік тексеру қорытындылары және Тәртіп кеңестің шешіміне сәйкес, оны ішкі істер органдарынан шығару туралы шешім қабылдану үстінде", — деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметіне. 


98