Оқиға

Қарағанды облысында шахтада қаза тапқандардың кім екені белгілі болды

© AP Photo / Jeffrey T. BarnesШахтер
Шахтер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шахтада метан ауаға таралып, салдарынан үш кенші қаза тапқан

АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Қарағанды облысы "Казахстанская" шахтасында аяқ астынан метан таралып, оқиға орнында апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Шахтер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Қарағанды" шахтасында метанның таралуынан үш адам қаза тапты

ҚР ИДМ мәліметінше, төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандар: Ахметжанов Рустам Ренатович 1983 жылы туған, Руденко Валерий Валентинович 1980 жылы туған және Шебанов Максим Сергеевич 1986 жылы туған. Олардың артынан жұбайлары мен бала-шағалары қалды.

Құтқару жұмыстарына алпыс адам мен тоғыз техника жұмылдырылған.

"07:00-де  қаза тапқандардың денесі жер бетіне шығарылды. 07:05-те жүз отыз жұмысшы шығарылған, қалғандары апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қалды", — деп хабарлады ведомствода.

Жаңалықтар
0