Аурухана

"АрселорМиттал" "Казахстанская" шахтасында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

14
(Жаңартылды 12:22 02.09.2017)
Апат болған күні үш жұмысшы кәсіпорынның медициналық қызметкерлерінен жәрдем сұраған

АСТАНА, 1 қыркүйек — Sputnik. Шахтасында метанның бөлінуі болған "АрселорМиттал Темиртау" АҚ дәрігерлердің бақылауындағы жұмысшылары туралы хабарлады.

"Апат күні сағат түскі бір кезінде үш кенші кәсіпорынның медициналық қызметкерлеріне жүгінген. Бастапқыда дәрігердің пайымдауынша, жұмысшылар күйзеліске ұшыраған. Кейін олар облыстық медициналық орталыққа жіберіліп, қажетті сараптамалар алынады", — деп хабарлайды АМТ.

Дәрігерлердің ақпаратынша, жиырма алты жастағы Владимир Калдяканың жағдайы бір қалыпты, сол күні кешке үйіне қайтқан. 1960 жылы туған Александр Иванов пен 1974 жылы туған Аят Турсыбеков дәрігерлердің қарауында токсикологиялық бөлімде жатыр.

Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, екеуі де жеңіл түрде метанмен уланған.


14