Полиция автокөлігі

Павлодарда жасөспірімді соғып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

20
(Жаңартылды 17:07 12.09.2017)
Жауапкершіліктен қашу мақсатында, ер адам көлігінің ұрланғаны туралы ақпарат берді

АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Павлодарлық полицейлер Торайғыров және Дүйсенов көшелерінің қиылысында 19 жасар жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен Toyota Mark II маркалы автокөліктің 33-жасар жүргізушісін анықтап, ұстады. 

Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлер алдымен автокөлікті анықтап, кейіннен оның иесін де ұстаған. 

Бұл ретте ер адам өз көлігінің ұрланғаны туралы айтады. Алайда, тергеу барысында көліктің ұрланбағаны анықталды, осылайша павлодарлық тұрғын жауапкершіліктен құтылу амалын жасаған. 

Жол апаты бойынша зардап шеккен азаматқа сот-медициналық сараптама белгіленді. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Оған қоса, көліктің жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 419-бабының 2-бөлімі бойынша (жасалған қылмысқа қатысты жалған айту) сот дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі. 


20
Загрузка...