Оқиға

Астанада тоқ соққан бала қолынан айырылды

CC0 / / Жаөспірім ер бала
Жаөспірім ер бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бала иесіз қалған территорияда жүрген кезде тоққа түскен

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Астанада он жасар баланы тоқ соғып, екі қолынан айырылды, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Бала мектепке қарама қарсы жердегі иесіз қалған территорияда жүрген кезінде тоққа түсіп қалып, қатты күйіп қалады. Бұған дейін ол жерде темір есіктер, қоршаулар, торлар дайындаған. Қазір жартылай бұзылған ғимарат қабырғасынан жалаңаш сымдар шығып тұр.   

10 жасар Даниланың анасы Любовь Лагайдың айтуынша, ұлының жарақаты туралы оған күйеуі хабар берген. Бұл кезде ол өзінің денсаулығына байланысты ауруханада болған. Күйіп қалған бала жақын маңдағы дүкенге жетіп, ол кезде баланы ата-анасының достары көріп қалады.  

"Мың вольт. Дәрігерлер баланың тірі қалғанына таң қалып жатыр. Кеше қолымызды кесті. Ол үшін бұл өте ауыр болып тұр. Біз оны енді қолының болмайтын айттық. Дәрігерлер бір апта бойы сақтап қалуға тырысты", — дейді Даниланың анасы.

Дәрігерлер баланың қолын сақтап қалуға қатысты бірнеше консилиум өткізген, өкінішке орай, негізгі тамырларды күйік шалған. Психологтар Данилаға көмек көрсетіп жатыр. Ол спортпен айналысып, боксшы болуды армандаған. 

Полиция "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғады. Данила ауруханадан шыққан соң, оның ата-анасы сотқа арызданбақшы. Қауіпті объектінің иесі әзірге белгісіз.

 

 

 

 

 


Жаңалықтар
0