Оқиға

Назарбаев Университеті аумағында күзетшілер мен жұмысшылар жаппай төбелескен

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуНазарбаев Университеті аумағында күзетшілер мен жұмысшылар жаппай төбелескен
Назарбаев Университеті аумағында күзетшілер мен жұмысшылар жаппай төбелескен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күзетшілер мен жұмысшылар сөзге келіп, ақыры соңы жаппай төбелеске ұласқан

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Астанада Назарбаев Университеті аумағында күзетшілер мен жұмысшылар арасында төбелес шықты, деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

ЖОО төбелес туралы ақпаратты растады.   

Полиция берген мәліметке сүйенсек, екі жұмысшы – Қазақстан азаматтары салынып жатқан құрылыс күзетшілерінен соққы жеп, дене жарақатын алғаны туралы шағым түсіріп, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

"Күзет қызметкерлері мен жұмысшылар сөзге келіп, артынша төбелеске ұласқаны анықталды. Бұл оқиғаға қатысы бар күдіктілер белгілі болды. Жедел тергеу шаралары атқарылып жатыр", — деп хабар берді ІІД.

Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Жаңалықтар
0