Автобус жеңіл автокөлікпен соқтығысты

Алматыда автобус пен Nissan көлігінің соқтығысуынан зардап шеккен бала бар

23
(Жаңартылды 18:51 11.10.2017)
Болған оқиғаның мән-жайын Алматы қаласының полицейлері анықтайды

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Автобус пен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан сегіз жасар бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Жол-көлік апаты Абай даңғылы бойында, орталық стадионға жетер жолда орын алды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Nissan Primera автокөлігі батыс бағытқа қарай Абай даңғылы бойымен жүріп бара жатқан. Жүргізуші "Достық" спорт кешеніне қарай бұрылмақшы болған кезде, батыс бағыттағы автобус жолымен 34-бағдардағы жолаушылар автобусы қозғалып бара жатқан болатын. 
Автобус жүргізушісі көлікті игере алмай, бар жылдамдығымен Nissan Primera автокөлігіне соқтығысады. соққының салдарынан автокөлік жолдың шетіне шығып кетеді.
  • Автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты
    Автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты
    © Sputnik /
  • Автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты
    Автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты
    © Sputnik /
  • Автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты
    Автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты
    © Sputnik /
1 / 3
© Sputnik /
Автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты
Жол апаты салдарынан екі адам: жас қыз бен 8 жасар бала зардап шекті. Дәрігерлер тексерісінен кейін жас қыз ауруханаға барудан бас тартады, ал 8 жасар бала ауруханаға жатқызылды.

23