Оқиға

Жезқазғанда автобус өртеніп, екі адам күйіп қалды

© AP Photo / Leo CorreaЖанып жатқан автобус, архивтік сурет
Жанып жатқан автобус, архивтік сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жезқазғанда Алашахан көшесінде автобус өртеніп, жүргізуші мен кондуктор зардап шекті

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Жезқазғанда 20 минут ішінде жолаушылар автобусы түгелдей жанып кетті, жүргізуші мен кондуктор зардап шекті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Төтенше оқиға сәрсенбі күні кешкі сегізде Алаша хан көшесінде болған. Қалалық бағдарлы автобус ауысымнан базаға қарай қайтып келе жатқанда, қозғалтқыштан қара түтін шығып, өрт лап ете түсіпті. Автобус жүргізушісі мен кондуктор өртті өз күштерімен сөндірмек болғанымен, одан ештеңе шықпайды. Екеуі де орташа дәрежелі күйік жарақатымен ауруханаға жатқызылды.  

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 11 адам мен 3 көлік жұмылдырылды. Өрт аумағы 12 шаршы метр.

Жаңалықтар
0