Оқиға

Астанада тұрақта тұрған көлік Сарыбұлақ өзеніне түсіп кетті

© Sputnik / Павел Петров Көлік
Көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші көлігін тұрақ режиміне ауыстыруды ұмытып кеткен

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Тұрақта тұрған BMW көлігі Сарыбұлақ өзеніне түсіп кеткен – жүргізуші көлігін тұрақ режиміне ауыстыруды ұмытып кетіпті.

Жанып жатқан автобус, архивтік сурет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жезқазғанда автобус өртеніп, екі адам күйіп қалды

"Оқиға сәрсенбі 18 қазанда Сейфуллин және 187 көшелерінде болған. Көлік жаяу жүргіншілер жолына жақын тұрақта тұрған. Жүргізушінің айтуынша, көлігін "жылдамдық" режимінде қалдырып кетіпті. Көлікті пультпен от алдырмақ болғанда, көлік орнынан жылжып, Сарыбұлаққа түсіп, капотымен батып қалған. Құрбандар жоқ", — деп түсіндірді Астана ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Көлік сол күні эвакуатордың көмегімен шығарылды.

Жаңалықтар
0