Оқиға

Алматы хайуанаттар бағындағы жануар дауылдың құрбаны болды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАрқар
Арқар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дауылдың салдарынан Алматыдағы хайуанаттар бағында қызыл кітапқа енген жануардың үстіне ағаш құлаған

АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Алматы хайуанаттар бағындағы қызыл кітапқа енген жануар үстіне ағаш құлап, мерт болды, деп хабаралайды хайуанаттар бағының директоры Ержан Еркінбаев өзінің Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, түнде болған дауыл хайуанаттар бағындағы ескі ағаштарды құлатқан.
"Бұл жолы біздің бақта жануар мерт болды. Қазіргі уақытта біз ескі ағаштарды кесуге қажетті техника мен арнайы мамандарды көмекке шақыртамыз", — деп жазды Еркінбаев. 
Ол бұл ескі ағаштар тек қана жануарларға ғана емес, сондай-ақ мұнда келген адамдарға да қауіп төндіретінін атап өтті.
 


Жаңалықтар
0