Оқиға

Алматыда жол апатынан әйел адам мен жеті жасар бала зардап шекті

© SputnikToyota Land Cruiser 200 бен Land Rover соқтығысқан
Toyota Land Cruiser 200 бен Land Rover соқтығысқан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Момышұлы мен Жаңажол көшелері қиылысында Toyota Land Cruiser 200 бен Land Rover соқтығысқан

АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматыда Момышұлы мен Жаңажол көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды полиция Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бесағаш ауылында жүргізуші ер адамды қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы түбіндегі Бесағаш ауылында жүргізуші ер адамды қағып өлтірді

Оқиға куәгерлері мен жүргізушілердің айтуынша, Toyota Land Cruiser 200 Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта жасыл жарыққа кетіп бара жатқан, ал Land Rover оңтүстік бағытта келе жатып, Жаңажол көшесіне бұрылмақ болады. Жүргізуші Land Cruiser көлігін соңғы сәтте байқаған екен. Екі көлік соқтығысып, Land Rover бордюрге шығып кеткен.

Жол апатынан екі адам зардап шекті – Toyota Land Cruiser 200 көлігінде отырған жолаушы әйел мен жеті жасар бала. Олар ауруханаға жатқызылды.

Жаңалықтар
0