Оқиға

Қостанайда көлік жуушылар BMW айдап әкетіп, апатқа ұшыраған

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтукөлік
көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас жігіттер біреудің қымбат көлігіне мініп көргісі келіпті

АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қостанайда көлік жуу бекеттерінің бірінің жұмысшылары BMW көлігін айдап әкетіп, күл-талқанын шығарған.

Toyota Land Cruiser 200 бен Land Rover соқтығысқан - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жол апатынан әйел адам мен жеті жасар бала зардап шекті

Қостанай облысы ішкі істер департаменті бапсасөз қызметі хабарлағандай, көлікті үш жас жұмысшы айдап әкеткен, олардың жасы 18-19-да. Олар Майлин және Дощанов көшелері қиылысында апатқа ұшыраған.

"Он тоғыз жастағы жігіт рөлге ие бола алмай, әуелі бордюрге, содан соң ағашқа соғылған", — деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Жігіттер зардап шекпепті, автокөлік иесіне келтірілген шығын көлемі есептелуде.

Жаңалықтар
0