Оқиға

Владимирдегі жол апаты: жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртібі бұзылған

© Photo : МЧС РФ / Медиабанкке өтуВладимир облысындағы жол апаты
Владимир облысындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан автобус Өзбекстан азаматтарын Ресейге тасымалдау кезінде жол апатына түсіп, 17 адам қаза тапты

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Ресейдің Владимир облысында пойызға соғылған Қазақстаннан шыққан жолаушылар автобусы қауіпсіздік талаптарына сай келмеген, тасымалдаушы өзінің жүргізушілерінің еңбек және демалыс тәртібін ескермеген, деп мәлімдеді Ространснадзор басшысы Виктор Басаргин.

"Қазақстандық тасымалдаушы компания көлік құралының техникалық жағдайына қатысты біздің барлық талаптарымызды толықтай ескермейді. Біз өзіміз көргеніміздей, автобус тахографпен жарақталған, ал бір жағынан алғанда компания жүргізушісінің еңбек және демалыс тәртібін орындамауына қатысты толыққанды мәлімет ала алмаймыз, ондай мүмкіндік жоқ ", — деп  хабарлайды РИА Новости Басаргиннің сөзіне сілтеме жасап.
Владимир облысында автобус бен пойыз соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қасымбек Владимир түбіндегі апат туралы: автобус РФ көлік бақылауынан өткен
Ол, қазіргі таңда компания ондай мәліметтерді бере алмайтынын атап өтті.
"Әрине, компания бізге мұндай мәліметтер беруге дайын емес. Алайда, еңбек тәртібі бұзылғанын біз бұл компанияның басқа да тасымалдарынан байқап отырмыз. Оған қоса, көлік құралы қауіпсіздік талаптарына сай келмеуінің салдарынан қайғылы оқиға орнады", — деді Ространснадзор басшысы.
6 қазан күні түнде автобус Владимир облысында автобуспен соқтығысты. Жол апаты салдарынан 17 адам, оның ішінде екі бала қайтыс болды. Автобуста барлығы 58 адам болған, оның ішінде 56 жолаушы – Өзбекстан азаматтары,  екі жүргізуші – Қазақстан азаматтары, олардың біір оқиға орнында қаза тапты. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жүргізуші автобустың ақаулығы туралы біле тұра, жолаушыларды тасымалдауды жалғастыра берген.  



Жаңалықтар
0