терезеден қарап отырған бала

Шымкентте төртінші қабаттан құлап кеткен сәби аман қалды

59
(Жаңартылды 12:11 28.10.2017)
Дәрігерлер баланың денсаулығына зиян келмегенін айтады

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik.  Бес қабатты үйдің төртінші қабатынан терезеден құлап кеткен бір жарым жасар сәби аман қалып, ешқандай жарақат алған жоқ, деп жазады Otyrar.kz. 

"Қуанышымызға орай, баланың денсаулығына ешқандай зақым келген жоқ. Құлағанда болатын жарақат, сынық жоқ", — дейді дәрігерлер. 

Қазіргі уақытта бала анасымен бірге облыстық балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестеге алғашқы көмек көрсетілді, қазір ол хирургия бөлімшесінде мамандардың бақылауында. 


59
Загрузка...