Оқиға

Астанада 20 жастағы қыз жетінші қабаттан құлап кетті

© Sputnik / Медиабанкке өтукөпқабатты үй, архив суреті
көпқабатты үй, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас қыз көпқабатты үйден құлап мерт болды

АСТАНА, 27 қазан— Sputnik. Астанада 20 жастағы қыз үйдің жетінші қабатындағы балконнан құлап мерт болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. 

"Қыздың осы үйде туыстарымен тұрып жатқаны анықталды", — деп хабарлады ішкі істер департаменті. 

Бойжеткен бүгін сағат 12:40 шамасында Қабанбай батыр даңғылының бойындағы үйдің жетінші қабатынан құлап кеткен. 

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 


Жаңалықтар
0