Оқиға

Алматыда жолаушылармен төбелескен автобус жүргізушісі мен кондуктор ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбековтөбелес
төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда Медеу ауданында төбелескендерді полиция ұстады

АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Алматыда Медеу ауданында болған жаппай төбелестен кейін полиция екі адамды ұстады, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

қолында пышағы бар ер адам - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Тараздағы төбелес: Желіде полицейлердің қатысуымен видео жарияланды

Департаменттің хабарлауынша, төбелес  29 қазанда болған. №12 автобустың кондукторы мен жолаушылар арасында шыққан жанжал жаппай төбелеске себеп болуы мүмкін. 

"Бастапқы процессуалдық іс-шаралардың нәтижесінде екі адам анықталды, олар отыз жастағы автобус жүргізушісі және 23 жастағы кондуктор. Қазір олардан жауап алынып жатыр", — деді Медеу аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Болат Тотыбаев. 

Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.  


Жаңалықтар
0