Алматыда Toyota мен BMW соқтығысты

Алматыда жол апатынан бір адам қаза болып, үшеуі зардап шекті

58
(Жаңартылды 00:04 03.11.2017)
Алматыда Toyota мен BMW көліктері соқтығысты

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Жол апаты Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Toyota Camry көлігі Рысқұлов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, солға бұрылмақ болады. Осы уақытта, неге екені белгісіз, Toyota жүргізушісі батыс бағытта келе жатқан BMW көлігіне жол бермей қояды. Салдарынан айдап келе жатқан BMW Toyotа-ның бүйіріне соғылады. Қатты соққыдан көлік жол шетіне ұшып кетті. 

  • Алматыда Toyota мен BMW соқтығысты
    Алматыда Toyota мен BMW соқтығысты
    © Sputnik /
  • Алматыда Toyota мен BMW соқтығысты
    Алматыда Toyota мен BMW соқтығысты
    © Sputnik /
  • Алматыда Toyota мен BMW соқтығысты
    Алматыда Toyota мен BMW соқтығысты
    © Sputnik /
1 / 3
© Sputnik /
Алматыда Toyota мен BMW соқтығысты

Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті: BMW жүргізушісі мен жолаушысы және Toyota Camry-де отырған екі жолаушы. Зардап шеккендердің бірі ауруханаға  жеткізілгенше көз жұмды.  

Жол апаты болған жерге келген жолаушылардың бірінің анасы да ауруханаға жеткізілді. 

Оқиғаның мән-жайын Алматы полициясы анықтайды. 


58