Оқиға

"Абу-Даби Плазадан" тағы да өрт шықты

© SputnikАстанадағы "Әбу-Даби Плаза" өртенді, архивтегі фото
Астанадағы Әбу-Даби Плаза өртенді, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Салынып жатқан ғимараттағы өрттің салдарынан ас үй жабдығы мен жиһаз жанған

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. "Абу-Даби Плаза" кешенінің жұмысшылар тұрып жатқан жатақханасында өрт шықты. Құтқарушылар өрттің таралып кетуіне жол бермеді, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Абу-Даби Плаза маңындағы патрульдік автокөлік - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Төтенше оқиғадан кейінгі "Абу-Даби Плаза" жағдайы
"Ас үй бөлмесінде тұрмыстық техника мен жиһаз, ас үй жабдығы өртенген болып шықты. Жалын шарпыған аумақ  – 50 шаршы метр. Қоңырау өрт сөндіру бөлімшелеріне сағат 14:39-да түсті. 14:43-те біздің бөлімдер оқиға орнында болып,  15:01-де өртті оқшаулады. Қазіргі таңда жалынның таралып кету қаупі жоқ", — деді Иманқұлов.

Өртті сөндіруге №16 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің үш техникасы мен 15 адам жұмылдырылды.  

Иманқұловтың мәліметінше, адамдарды ғимараттан көшірудің қажеті болмаған. 

Айта кетейік, "Абу-Даби Плазадан" бұған дейін де бірнеше рет өрт шықты.   


Жаңалықтар
0