Күдікті Дәурен Әлеуханов

Алматыдағы арнайы операция кезінде ұсталған азамат екі айға қамауға алынды

32
(Жаңартылды 14:58 16.11.2017)
Қару-жарақты заңсыз сақтап, тасымалдаған күдікті екі ай абақтыда отырады

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Алматыда сот арнайы операция кезінде ұсталған Дәурен Әлеухановты екі айға қамауға алу шешімін шығарды.

23 жастағы Дәурен Әлеухановқа ҚР ҚК 287-бабы бойынша айып тағылған. Күдіктінің айтуынша, ұсталғаннан кейін бір жарым сағат бойы асфальтта жатыпты. Ұсталғанның адвокаты қамауға алудан басқа бұлтартпау шарасын қолдануды сұраған болатын.

Прокурордың сөзіне сүйенсек, Әлеуханов жүргізушінің орнында отырған. Көлікті тінту барысында жүргізуші орындығының астынан граната табылыпты.

12 қарашада Алматы орталығында арнайы қызметтер кешкісін операция жүргізді. Оқиға орнына атыс туралы хабар шыққан соң келіп жеткен тілшілер терезесі сынып, дөңгелегі жарылған көлікті көрген. Қасында автомат пен граната жатқан. Полиция келесі күні таңертең хабарлағандай, Оңтүстік Қазақстанның 48 және 23 жастағы екі тұрғыны қару-жарақпен ұсталыпты.

32
Тақырып:
Алматы орталығындағы түнгі арнайы операция (4)