Көлік астына түскен жаяу жүргіншіге көмектеспек болған жүргізушіні көлік қағып өлтірді

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші өзі көлік астына түсті

254
(Жаңартылды 13:38 16.11.2017)
Қапшағай көпірінде жантүршігерлік жол апаты болды

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. "Нива" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, көмектеспек болғанда, жол талғамайтын көліктің астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, тиісті емес жерден жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргінші "Нива" көлігінің алдына шыға келген. Тоқтап үлгермеген жүргізуші кісіні қағып кетеді.

  • Алматыда жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші көлік астына түсіп, қаза тапты
    Алматыда жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші көлік астына түсіп, қаза тапты
    © Sputnik /

1 / 3
© Sputnik /
Алматыда жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші көлік астына түсіп, қаза тапты

Қаққан бойда, жаяу жүргіншіге көмектесу үшін, жүргізуші көліктен атып шығады. Сол кезде жолда келе жатқан  Land Rover Freelander Нива жүргізушісін қағып өлтірген. 

"Нива" көлігінің астына түскен жаяу жүргінші, әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті.

Оқиғаның мән-жайын Алматы полициясы анықтайды. 

254
Загрузка...