Оқиға

Қарағанды облысында оқушы қыз ұстаздардың кесірінен мүгедек болып қалды

CC0 / valelopardo / Дәрігер
Дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәмелеттік жасқа толмаған оқушы мектепте қатты күйіп қалған

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Қарағанды облысының мектебі баланың денсаулығына зиян келтіргені үшін материалдық шығын ретінде 500 мың теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметі.

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада екі тәулік бойы жоғалған оқушы іздестірілуде

Шет аудандық соты С. есімді азаматтың Ф. есімді қызының мүддесін қорғап, "Жамбыл Ақылбаев атындағы экспериментальды мектеп-гимназиясына" түсірген арызын қарастырды.

Істің материалы бойынша, бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін сақтау бойынша міндеттілігін дұрыс орындамаған мұғалімнің кесірінен кәмелеттік жасқа толмаған Ф. мектеп-гимназияның бастауыш сынып кабинетінде шәйнектегі қайнаған суға күйіп қалады. 

Денсаулығына ауырлығы орташа зиян келген. Күйік салдарынан оқушының бүйрегі дертке шалдығып, мүгедек болып қалған.

Күйік алған күннен бастап қазірге дейін бүлдіршін жыл сайын Қарағанды облысы, Астана және Алматының әртүрлі медициналық мекемелерінде ем алып жүр. 

Істің деректерін мұқият саралап, қос тарапты тыңдаған соң, сот арыз берушіге материалдық шығын ретінде 536 мың 757 теңге өндіріп беруге шешім шығарды.

Үкім әлі заңды күшіне енбеді.

Жаңалықтар
0