Жедел жәрдем

Ақтауда ер адам көршілерін айыптап хат қалдырып, тамырын кесіп тастаған

131
(Жаңартылды 13:02 22.11.2017)
Хатта, марқұмның көршілерінің айтуынша, ол үй тұрғындарына үндеу жасаған

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Оқиға Ақтау қаласының 4-шағын ауданындағы №43 үйде 19 қарашаға қараған түні болды.  Көршілердің айтуынша, тамырын кескен ер адамды өзімен бірге тұрған қызы тауып алған, деп хабарлайды lada.kz.

 Жедел жәрдемге қоңырау сағат 04:08-де түскен. Дәрігерлер ер адамның өлгенін анықтаған.  

- Оқиға орнынан хат табылды, онда ол үй тұрғындарын айыптап, сонымен қатар алғыс білдірген. Оны тергеуші алып кетті, — дейді көршілері.

Көршілері қайтыс болған адам байсалды, иман жүзді еді дейді. Соңғы кездері басы жиі ауырып жүргенін айтқан екен.  

— Ондайды ешкім күткен жоқ. Өмір осындай қадамға итермелесе керек. Ешкім жайдан-жай тамырын кеспейді ғой, — дейді көршілерінің бірі.

Ер адам қызын жалғыз өзі тәрбиелеп өсірген. Әйелімен 10 жыл бұрын ажырасқан екен.  

Маңғыстау облысы ІІД-ге жолданған ресми сауалға жауап алынған кейін оқиғаның мән-жайы толығырақ жарияланады.  


131
Загрузка...