Оқиға

Балқаш түбіндегі жантүршігерлік апаттан екі жігіт қаза тапты

© Photo : Rico_LoebЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты Балқаштан 60 шақырымдай жерде болған

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Қарағанды-Балқаш тас жолында жеңіл көліктер соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жан сақтау бөлімі. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Маңғыстаудағы жол апаты: 2 адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Оның мәліметінше, жол апаты Балқаштан 60 шақырымдай жерде болған.

"Lada көлігінің жүргізушісі – Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны, бастапқы мәлімет бойынша, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes көлігіне соғылған", — деді Құдияров.

Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Mercedes жолаушысы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Жаңалықтар
0