Оқиға

Шымкент тұрғындары иесіз жатқан пакеттен үрейленіп, үйлерінен атып шыққан

© Photo : ОтырарШымкентте
Шымкентте - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқару операциясы аяқталғанша, 80 пәтердің тұрғындары бір сағат бойы аяз далада тұрды

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Шымкентте бүтін бір үй тұрғындары түн ішінде қауіпсіз жерге шығарылды, деп жазады "Отырар" басылымы.

Оқ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-2017 аумағында оқ салынған пакет табылды

13 желтоқсаннан 14-іне қараған түні полицияға көпқабатты үйлердің бірінің алдында ішінде не бары белгісіз қара пакет жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына келіп жеткен құқық қорғау органы қызметкерлері үй тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарып, ауланы қоршады.

Жұрттың басыс көпшілігі не болып жатқанын естіп, аяз далаға қашып шыққан. 80 пәтердің тұрғындары аулада бір сағаттай тұрды.

Тиісті шаралар атқарылған соң, полицейлер қара пакетті тексерді. Жарылғыш зат табылмаған – қыстық киімдер болыпты.

© Photo : "Отырар" басылымыЖұрттың үрейін алған пакет
Жұрттың үрейін алған пакет - Sputnik Қазақстан
Жұрттың үрейін алған пакет
Жаңалықтар
0