Оқиға

Алматы облысында тасжолда жеті көлік соқтығысты

© Sputnik / Сергей Кузнецов / Медиабанкке өтуЖол апаты, архивтегі сурет
Жол апаты, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүк көлігі мен алты жеңіл көліктің соқтығысуына жүргізушілердің қажетті қашықтықты сақтамауы себеп болған

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Алматы – Өскемен тасжолында жеті автокөліктің соқтығысуынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жүргізуші ұйықтап кетіп, жол апатына ұшырады
Жол апаты бейсенбі күні таңертең Іле ауданында Алматы – Өскемен автожолының 29-шақырымында болған.  Hyundai Sonata, Nissan Qashqai, Mitsubishi Galant, үш Toyota Camry және Howo жүк көлігі соқтығысты. 

Жол апатынан бес адам зардап шекті, олар әр түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.  

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі жол апаты болғанын растап, оқиға орнында Іле АІІБ және облыстық жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын хабарлады.   

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа жүргізушілердің қажетті қашықтықты сақтамауы себеп болған.   


Жаңалықтар
0