Оқиға

Қырғызстанда Қазақстан азаматы достарымен кездесу үшін заң бұзған

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӨзен
Өзен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан азаматы өзенді кешіп өтуден де, заң бұзудан да тайсалмаған екен

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Қырғызстан шекарашылары Шу өзенін кешіп өтіп, көрші елдің аумағына заңсыз кірмек болған Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан азаматы Антальядағы жол апатында зардап шекті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан азаматы Антальядағы жол апатында зардап шекті

Қырғызстанның шекаралық ведомствосының мәліметінше, 24 жастағы жігіт Шу облысында өткізу бекетінен тысқары жерде ұсталыпты.

Заң бұзушының сөзіне сүйенсек, достарымен кездесу үшін Тоқмоққа бара жатыр екен.

Сөйтсе, ер адамның шекараны кесіп өтуге заңды құқығы жоқ болып шығыпты, өйткені бұдан бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Тиісті құжаттар ресімделген соң ұсталған азамат Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшесі қызметкерлеріне берілді.

Жаңалықтар
0