Оқиға

Астанада көпір үстіндегі жантүршігерлік апатта жүргізуші қаза тапты

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуКөліктер
Көліктер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екінші көліктің жүргізушісі – әйел адам мен алты жастағы бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Астанада Сарайшық көшесі бойындағы көпірде жол апаты болды, салдарынан жас жігіт қаза тапты, деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, жол апаты 25 қаңтарда 21:30 кезінде болған.

Porsche Cayenne Ақорда қақпасына соғылған - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақорда алдындағы көлік апаты: кінәлі полицей жазаланды

"ВАЗ-21140" жүргізушісі Сарайшық көшесі бойындағы көпірмен келе жатып, көктайғақта рөлге ие бола алмай қалады да, қарсы бағыттық қозғалыс жолағына өтіп кетіп, Toyota Camry көлігіне соғылады.

"Жол апатынан ресейлік көліктің жиырма үш жастағы жүргізушісі қаза тапты, ал Toyota көлігінің рөлінде болған 31 жастағы жүргізуші әйел мен оның алты жастағы жолаушысы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", — деп хабарлайды ІІД.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалған.

Жаңалықтар
0