Әуежай маңындағы жаяу жүргіншілер өткелі

Астана әуежайы аумағында қызды көлік қағып өлтіріп кетті

141
(Жаңартылды 11:45 30.01.2018)
Астанада саяжайлар ауданында қыз көлік астына түсіп қаза тапты

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Астанада дүйсенбі күні таңертең қызды көлік қағып өлтіріп кетті.

Елордалық ішкі істер департаменті хабарлағандай, жол апаты таңғы 08.40 кезінде "Авиатор" аялдамасы қасында болған.

"Hyundai Accent жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен әуежай жақтан келе жатып, бағдаршамсыз жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кетті, қыз жолды тиісті жерден кесіп өтіп бара жатқан болатын. Зардап шегуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Жол апатына Астана тұрғыны куә болып, әлеуметтік желіде жариялаған.

"Бүгін қорқынышты жайттың куәгері болдым: жаяу жүргіншілер өткелінде бір қызды көлік қағып кетті. Қабанбай батыр көшесінде әуежайдан қалаға қарай кетіп бара жатқанда болды. Ақ Hyundai көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатты, соғылған кезде екі рет айналып, бір-ақ тоқтады. Өте қорқынышты. Осы жаяу жүргіншілер өткелінде ("Авиатор" аялдамасы) адамдарды жиі қағып кетеді. Жүргізушілер, жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты азайтыңыздар. Бұл қыздың қазасы – оның туған-туыстарының қайғысы емес пе әрі жаяу жүргіншіні өткізбеген жүргізушінің де қайғысы", — деп жазды Людмила Сакенова Facebook желісіндегі топта.

141
Кілт сөздер:
жаяу жүргінші, көлік, жол апаты, Астана
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр

125
(Жаңартылды 16:39 25.05.2020)
Жол апаты кезінде Ербұлан Сейдазым блок бекетте планшетпен көлік жүргізушілерінің рұқсат қағаздарын тексеріп тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр - Sputnik. Алматы қаласының полициясы ауруханаға түскен құқық қорғаушының жағдайы туралы айтып берді. Ол мас жүргізуші блок бекетке соғылған кезде жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, есірткі бизнесіне қарсы шұғыл уәкіл Ербұлан Сейдазым жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр.

"Ол карантин енгізілген бірінші күннен бастап блок бекетте жұмыс істеді. Бүгін түнгі кезекшілікте болды. Дәл қазір оның қалай жарақат алғанын айта алмаймыз. Бірақ бетон плитасынан ұшқан бір кесек тастан жарақат алды деген болжам бар. Енді бір нұсқа бойынша көлік жүргізушісі алдымен оны соққан, сосын барып, патрульдік көлікке соғылған", - дейді Әзірбек.

Машина протаранила полицейское авто на блокпосту в Алматы
© Photo : Polisia.kz
Оқиға орнында түсірілген суреттер

Оның сөзіне қарағанда, жол апаты кезінде жедел уәкіл Сейдазым блок бекетте планшетпен көлік жүргізушілерінің рұқсат қағаздарын тексеріп тұрған. 

"Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғаушылар осы оқиғаның хронологиясын анықтайды. Барлық қажетті сараптама жасалады. Қазіргі кезде ауыр жарақат алған полицей №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бас сүйегінің самай мен желке бөлігі сынған. Жағдайы өте ауыр", - деп атап көрсетті Әзірбек.

Айта кетейік, трагедия бүгін таңғы сағат алтыда Алматыдағы Көксай шағын ауданында болды. BMW көлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші, алдымен, блок бекет қоршауына, содан кейін патрульдік көлікке соқтығысқан.

42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.

"BMW" жүргізушісі қамауға алынды.

125
Кілт сөздер:
жансақтау бөлімі, полицей, бекет
Тақырып бойынша
Алматыдағы трагедия: ішкі істер министрі полицейлердің отбасына көңіл айтты
Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды
Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды
Полицейдің артында 4 айлық баласы қалды: Қостанай облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Екібастұзда полицейдің денесі табылды - қылмыстық іс қозғалды
Автокөліктің жанама айнасы

Балаларды қауіпті жағдайда тасымалдаған павлодарлық жүргізушілер жазаланды видео

66
(Жаңартылды 16:09 25.05.2020)
Көлік жүргізушілері анықталып, тиісті заң шеңберінде жазаланды. Сондай-ақ, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желілерде қозғалып бара жатқан көлік терезесінен басын шығарып алған балалар түсірілген видео тарады. Оқиға Павлодар облысында болған, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Instagram желісіне жүктелген видео облыс полицейлерін бей-жай қалдырмады. Ол жерде балалар жүріп бара жатқан көліктің терезесінен басын шығарған.

Бұл жағдайдың бірі Ақсу қаласында болды. "BMB" автокөлігінің терезесінен балалардың басын шығарып отырғаны видеоға түсіп қалды, баланың бірі алдыңғы жолаушы орындығында отырған. 

Тағы бір дерек Павлодар қаласында тіркелді. Видеода "Тойота" автокөлігінің терезесінен кәмелетке толмаған екі қыздың шығып отырғаны көрінеді. Көлікті 39 жастағы әйел айдаған.

"Көлік жүргізушілеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлімі ("Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", – делінген хабарламада.

Оларға 5 айлық есептік көрсеткіш (13 890 теңге) көлемінде айыппұл салынып, жол ережесін сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда балаларды жанып жатқан көліктен құтқарған ер адам марапатталды

66
Кілт сөздер:
балалар, бала, автокөлік, Павлодар облысы
Тақырып бойынша
"Президент, далаға шығуға бола ма?": қостанайлық бала карантиннен шаршады  
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
Қазақстанда 1 сәуірден бастап айыппұл мөлшері өсті  
"Бала-шағам жейтін тамақ жоқ" дейді": полицейлер карантиндегі жұмысы туралы айтты
Аягөзде төрт бала көз жұмды: министр қандай тапсырма берді
Ауа райы

40 градус ыстық: 26 мамырға арналған ауа райы

14
(Жаңартылды 23:14 25.05.2020)
Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Сейсенбі күні ыстық болады, бұршақ жауып, қатты жел соғады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 26 мамыр күні бірқатар өңірде аптап ыстық болатынын айтты.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамында солтүстік өңірлерде күн салқындайтыны хабарланды. Оңтүстікте күн ыстық болады. Кей жерлерде жел күшейеді.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында 26 мамырда күн күркіреп, бұршақ жауып, шаңды жел болады. Жылдамдығы - 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысында желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Сейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады, желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық. Плюс 37 градус, күн күркірейді.

26 мамырда Түркістан облысында шаңды дауыл, желдің жылдамдығы - 23 м/с. Күндіз батыста аптап ыстық, плюс 40 градус.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада дабылды ескерту жарияланды. Шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз плюс 32-34 градус.

Алматыда түнде плюс 17-19 градус, күндіз – 31-33 градус ыстық.

Шымкентте түнде 19-21 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

14
Кілт сөздер:
ыстық, мамыр, ауа райы
Тақырып бойынша
Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды
Қазақстанда дауылды жел 160 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Алматыда жалға алынған көлік ағаш пен жеке үйдің қоршауын қиратты
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды