Операция, архивтегі фото

Астаналық әйел сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастады

8206
(Жаңартылды 13:31 01.02.2018)
36 жастағы әйел сүйіктісінің басқа қызбен көңіл қосқанын біліп қойып, жантүршігерлік қылмысқа барды

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Астана тұрғыны қызғаныштан сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастаған. Әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа елорда соты түсініктеме берді.  

Бұған дейін әлеуметтік желілерде сот қаулысының фотосуреті жарияланған болатын. Аталған ақпаратқа сәйкес, елордалық салонның 36 жастағы қызметкері жігітін үй жағдайында піштіріп тастаған. Ақпаратта әйел Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша күдікке ілінгені айтылады.    

"Шынымен де, 24 қаңтар күні сот күдікті Нұржанованы екі ай мерзімде қамауда ұстауға санкция берді. Қалған мәліметті тергеу мүддесіне сәйкес бере алмаймыз ", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Астана сотының баспасөз қызметі.     

"Қазір сот құжатының таралуы дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, өйткені мұндай істердің актілері сот кабинетінде көрсетілмейді. Мұндай істердің қаулысы жабық болуы тиіс", — деп толықтырды соттағылар.

Белгілі болғандай, зардап шегушіге ота жасалған, дегенмен дәрігерлер пациенттің кесіп алынған органын қалпына келтіре алмаған.     


8206
Кілт сөздер:
қызғаныш, піштіру, Астана
Ту тұғыр

Атырауда 203 миллион теңге бөлінген ту тұғырдың құлау себебі анықталды

26
(Жаңартылды 11:56 14.08.2020)
Облыстық прокуратура құрылыс басқармасы заңнама талаптарын бұзып, ту тұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім бергенін анықтады

АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Атырауда өткен жылы қатты желден құлаған ту ілетін тұғырға сметада көрсетілген сомадан үш есе аз ақша жұмсалған. Бұл туралы "Ақ Жайық" газеті хабарлады.

"Жобалық-сметалық құжаттама талаптарына қарамастан, мердігер авторлық бақылаушының келісімінсіз ту орнатқаны анықталды. Оның құны сметада көрсетілген 203 миллион теңгеден үш есе аз. Облыстың құрылыс басқармасы заңнама талаптарын бұзып, ту тұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім берген", - деп мәлімдеді Атырау облысының прокуратурасы.
Флагшток рухнул в Атырау. Фото с места события
Атырау қаласында құлаған ту тұғыр.

Бұл жағдай адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Енді аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Ал қалпына келтіру жұмыстарын мердігер өз қаражатына жүргізеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бас туы қалай көтеріледі – егемендік рәмізінің құпиясы

Айта кетейік, 2019 жылы желтоқсанның соңында Атыраудағы Республика алаңында тұрғызылып жатқан биіктігі 91 метрлік құрылым қатты желге шыдас бермей құлаған болатын.

26
Кілт сөздер:
ту тігу, Атырау
Тақырып бойынша
Терезеге ілінген көк ту: даулы іс Жоғарғы сотқа дейін жетті
Мемлекеттік ту көтерілді: Елорда күнін тойлау басталды
Қазақстандағы ең үлкен ту төмен түсірілді – фото
Жаңа ту бекітілді деген ақпарат жалған – Қазақстанның қорғаныс министрлігі
Енді VR-жобаның көмегімен Рейхстагқа Ту тігуге болады
Төбелес, иллюстративті фото

Екі қолын жұлып, көзін ағызып жіберген: Оралда сұмдық оқиғаға қатысты сот басталды

1190
(Жаңартылды 10:22 14.08.2020)
Осы іске қатысы бар деп айыпталып отырғандардың бірі – екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген азамат

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Оралда жеке күзет агенттігінің қызметкерлері айықтырғышқа жеткізілген адамды қорлап өлтірген. Марқұмның туыстары кінәлілердің кейбірі бостандықта жүргенін айтады.

Күзетшілердің соты онлайн-форматта қайта жалғасты. Ал сот отырысына себепкер жаға ұстататын қанды оқиға былтыр желтоқсанда болған еді. Жаңажылдық корпоративтік кештен "көңілді" шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алады. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода бес жігіт бір адамға жабылып жатқаны анық көрінеді.

"Күзетшілер інімнің екі қолын қайырып, тепкінің астына алды. Жағын сындырып, көзін ағызып жіберген. Біз оны мәйітханаға барғанда танымай қиналдық. Сот кезінде күзет агенттігінің қызметкерлері лицензияны сатып алғандарын, жұмыс кезінде мас болғандарын мойындады", - дейді марқұмның туысы Бақыт Ахметова.

Ахметова інісінің жанталасып сыртқа қашып шыққанын айтады. Темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті қуғыншылар аяғынан ұстап, кері тартқан. Сол кезде, қолтықтарын қаңылтыр кесіп өтіпті. Марқұм осыдан кейін қансырап өлді, дейді апасы. 

"Інімнің өліміне кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс. Бұл істе полицияның да айыбы бар. Олар інімнің ақшасын тартып алып, өзін диспансерге тастап кетіпті. Інім сыртқа қашып шығып, жанармай құю бекетінен көмек сұрағанда да, ондағылар қол ұшын бермеген. Кейін жедел жәрдемді шақырған кезде бәрі де кеш болды. Сот осы жәйттерді ескерсе екен", - дейді ол.

Айта кетейік, адам өлтірді деп айыпталғандардың бірі - осыдан екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген Абзал Әділов. Ол осы отадан кейін күзет агенттігіне жұмысқа орналасқан екен.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео

Ал марқұмның туыстары "айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды", дейді. Өйткені, жігітті соққыға жыққан 6 күзетшінің 2-уі ғана айыпталушы орындығында отырғанын айтады. Қалғандары "куәгер" ретінде көрсетілген.

1190
Кілт сөздер:
оқиға, сот, Орал
Тақырып бойынша
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
Науқас

Алматының бас дәрігері кімдердің ауруханаға ауыр жағдайда түсетінін айтты

0
(Жаңартылды 13:42 14.08.2020)
Басқарма басшысының айтуынша, қазір күніне 60-тан астам науқас ауруханаға жатқызылады. Ал бір ай бұрын тәулігіне 417 науқас келіп түсіп отырған

АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Алматыда ауыр және өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен әрбір екінші адам бұған дейін өз бетінше емделген науқастар. Бұл жайында қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осылайша, ауруханадағы науқастардың 55%-і өз бетінше ем қабылдап қана қоймай, дер кезінде медициналық көмекке жүгінбегені анықталып отыр.

"Науқастардың бұл санаты ауруханаға ауыр және өте ауыр жағдайда қабылданады. Соған сәйкес, олардың қалпына келу мүмкіндігі төмендейді. Яғни, осы санаттағы науқастардың 80%-і стационарға ауыр жағдайда түсетіндіктен, дәрігерлер оларды дереу жасанды тыныс алу аппараттарына қосады", - деді Қамалжан Надыров.

Айтуынша, медициналық көмекке кеш жүгіну аурудың ауырлығы мен ұзақтығына да тікелей әсер етеді. Сол себепті аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде емханаға немесе бірыңғай байланыс орталықтарының мамандарына хабарласу қажет.

Сонымен қатар қазір қала бойынша науқастарға арналған 5 781 төсек-орын бар. Ал стационарлардағы науқастар жүктемесі 19%-тен аспайды. Қазір ауруханаға күніне 60-тан астам науқас ауруханаға жатқызылады. Ал бір ай бұрын тәулігіне 417 науқас келіп түсіп отырған.

Жаңа аурухана қалай жұмыс істейді

"Резервтік төсек-орын сыйымдылығын арттыруды жалғастырамыз. Жаңа модульдік аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл 300 төсек-орынға арналған екінші модульдік инфекциялық аурухана, оның ішінде 30 реанимациялық бөлім болады", - деді Надыров.

Айтуынша, аурухананы медициналық жабдықпен және қажетті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл стационар бірінші эшелонның толыққанды клиникасы ретінде жұмыс істейтін болады.

Оқи отырыңыз: Коронавирус пен тұмау: денсаулық министрлігі күзде не болатынын болжады

Айта кетейік, Алматыда пандемия басталғалы бері 13 742 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, кейінгі 15 күнде ауру деңгейі 7 есе төмендеді. Шілденің соңында күніне 271 адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, қазір тәулігіне 40 жағдай тіркеледі.

Қала бойынша 9 306 адам сауығып шықты, бұл инфекция жұқтырған жағдайдың 68%-ін құрайды. Алматыда коронавирустан 195 адам қайтыс болды.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, Алматы, емделу
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты
Науқас коронавирустан жазылғанын қалай біле алады
Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  
Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты