Оқиға

Қырғыз азаматы Қазақстанда 2 келі героинмен ұсталды

© AFP 2024 / FRENCH CUSTOMSГероин, архивное фото
Героин, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам Бішкектен Мәскеуге есірткі жеткізбек болған

АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Қырғызстан азаматы қазақ-қырғыз шекарасы арқылы ірі көлемде героин алып өтпек болған, деп хабарлайды Қазақстанның ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Бішкек-Мәскеу пойызының елу жастағы жолаушысының сөмкесінен екі килограмм героин табылыпты. Есірткіні Мерке станциясында қызметтік ит тапты.

Істі тергеумен полиция айналысады.

Жаңалықтар
0