Оқиға

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам ажал құшты

© Sputnik / Предоставлено очевидцамиЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстан облысында екі көлік соқтығысты, қаза тапқандар бар

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Солтүстік Қазақстанда жол апатынан төрт адам қаза тапты, біреуі жас сәби, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары Булаево-Қоскөл тас жолындағы апат орнында түсірілген видеоны жариялаған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек,  ВАЗ 2110 мен "Фольксваген универсал" бетпе-бет соқтығысыпты.

"ВАЗ 2110 жүргізушісі мен оның әйелі бірден ажал құшқан, "Фольксваген" жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, бір айлық сәби ауруханада шетінеп кетті, тағы екі әйел зардап шеккен – біреуі өлім ауызында жатыр, екіншісі қатты қорқып, есеңгіреп қалған", — деп жазады жол апатының куәгерлері.

СҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінде жантүршігерлік жол апаты туралы ақпаратты растады.

Жаңалықтар
0