Оқиға

Алматыда Президент саябағы маңында көлік өртенді

© Photo : pixabay.comЖанып жатқан көлік
Жанып жатқан көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тапа тал түсте жол ортасында көлік өртеніп кетті

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Алматыда Тұңғыш президент саябағы маңында көлік өртенді. Kris_p_almaty парақшасында жарияланған видеода көрінгендей, көлік Әл-Фараби даңғылында жол ортасында тұр. Қаланың ТЖД мәліметіне сүйенсек, өрт шыққаны туралы хабар 15:09 кезінде түскен, өрт сөндірушілер оқиға орнына сегіз минутта жетіпті.

 

 

" Toyota Harrier көлігі жанып кетті", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге жеті минут кеткен. Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0