Жедел жәрдем, архивтегі фото

Алматы облысында жертөледе жарылыс болды

197
(Жаңартылды 18:19 26.02.2018)
Жандосов ауылында 1-4 дәрежелі күйік шалған төрт адам ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Алматы облысында газ-ауа қоспасының жарылуынан бірнеше адам зардап шекті.  

зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу, архив суреті
© Sputnik / Андрей Стенин
Жексенбі күні Қарасай ауданына қарасты Жандосов ауылында жеке үйдің жертөлесінде 27 литрлік баллон жарылды.  

1-4 дәрежелі күйік шалған төрт адам ауруханаға жатқызылды. Үй өртенген жоқ.    

"Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мен бір техника жіберілді", — деп атап өтті ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.  

Құтқарушылар зақым келген және пайдалану мерзімі өтіп кеткен баллондар тұрғын үйлердегі өрт пен төтенше жағдайларға әкеліп соқтыратынын ескертеді.  


197
Кілт сөздер:
баллон, жарылыс, Алматы облысы
Загрузка...