Ит

Ақмола облысында жас баланы ит талап өлтірді

114
(Жаңартылды 12:39 02.03.2018)
Ит баланың отбасына тиесілі, ол өз ауласында жеткіншекке тап берген

АСТАНА, 2 наурыз  — Sputnik. Ақмола облысында Кавказ овчаркасы жас баланы талап өлтірді, қылмыстық іс қозғалған.

Целиноград АІІБ-не 1 наурыз күні сағат 15:00-де Қажымұқан ауылынан қоңырау түскен.

"Өз үйінің ауласында алты жастағы ер баланы ит талап тастапты. Ит баланың отбасына тиесілі екені анықталды, жеткіншек алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды", — деп мәлімет берді ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстанға.

Баланың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

114
Кілт сөздер:
жазатайым оқиға, жас бала, ит, Ақмола облысы
Загрузка...