Оқиға

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

© SputnikЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы ІІД Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты бойынша тергеу амалдарының басталғанын хабарлады

АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Әйел адам мен сәби қаза тапқан жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Audi 100 жүк көлігімен соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

Жол апаты 13 наурызда кешке болған. Audi 100 көлігі жолда тұрған жүк көлігіне бар жылдамдықпен келіп соғылды. Жүргізуші әйел мен үш жастағы қызы оқиға орнында  жан тапсырған. Жол жөндеп жүрген жұмысшы ауыр хәлде ауруханаға жатқызылғанымен, дәрігерлер оның өмірін арашалай алмады.

"Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасы жол апатына байланысты тергеу амалдарын бастады", — деп хабарлады Алматы ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Instagram желісіндегі kris_p_almaty тобында жол апаты орнында түсірілген видео пайда болды.

 

 

Жаңалықтар
0