Оқиға

Қызылордада көшедегі атыс видеоға түсіп қалды

© AFP 2024 / KAREN BLEIERТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қызылордада көшелердің бірінде атыс болды. 

Youtube-те жарияланған видеода жас жігіттің бір топ адамнан қашып бара жатқаны байқалады. Сәлден кейін ол сөмкесінан қаруға ұқсас зат алып шығады, оны көрген жігіттер жапа-тармағай қаша жөнелген. Мылтық даусын естіген көшедегі жұрт жақын маңдағы ғимараттарға жүгіріп кіре бастайды.

Екінші видеода тәртіп сақшылары мен медицина қызметкері бір адамды зембілге салып алып кеткені көрінеді. 

"Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесінде болған бұзақылық фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", — деді Қызылорда облысы ІІД. 

Күдіктілер ұсталған, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0