Оқиға

Ұзынағашта қаныпезер бір отбасын ойрандап кетті

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ ұстаған ер адамның архивтегі фотосы
Пышақ ұстаған ер адамның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыскер үш әйелді бірнеше жерден пышақтап өлтірген. Күдікті ұсталды

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы жеке үйде үш әйелді өлтіріп кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға өңірлік полицияның баспасөз қызметі.   

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысында жұмыссыз жігіт ерлі-зайыпты зейнеткерлерді аяусыз өлтіріп кеткен

Әйелдердің мәйіті 25 наурызда табылды. Олар бірнеше пышақ жарақатынан көз жұмған. Барлығы бір отбасының мүшесі болған: 88 жастағы кейуана, оның 51 жастағы қызы және 24 жастағы жиені.  

"Кісі өлтіру қылмысы болғанын растаймын. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылды", — деп түсініктеме берді Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.   


Жаңалықтар
0