Оқиға

Анасын асқан қатыгездікпен өлтірген оқушы жат ағымның жетегінде болуы мүмкін

CC0 / / Бала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
11-сынып оқушысы әуелі анасын тұншықтырып, кейін жүрегіне бірнеше рет пышақ сұққан

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Талдықорғанда туған анасын бауыздап өлтірген Әлішер Кәрімнің асқан қатыгездігі күллі жұртты шошытты, деп хабарлайды ktk.kz.

Қолына кісен салынған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да танысын ұрып өлтірген жігіт сотталды

11-сынып оқушысы алдымен ұйықтап жатқан анасын тұншықтырып, кейін жүрегіне бірнеше рет пышақ сұғып, бауыздап тастаған. Әрі қарай шешіндіріп, мәйітке ас содасын сепкен екен. Содан соң түк болмағандай мектепке барыпты. Жол-жөнекей компьютер клубына соғып, құмары қанғанша ойын ойнаған. Тек бір күн өткен соң ғана өз еркімен полицияға келеді.

Бауыр еті баласының қолынан ажал құшқан Гүлназ Омарғожинова небәрі 43 жаста еді. 

Таныстары Әлішер әпкесіне телефон алып берген анасына өкпеледі десе, енді біреулері бала бөтен ағымның жетегінде кетуі мүмкін деп отыр. Ал оқушының қылмыс кезінде ішімдік ішкен-ішпегені белгісіз.

Құзырлы орган бұл оқиғаға қатысты ешқандай ақпарат берер емес. Уақытша қамау изоляторында отырған 11-сынып оқушысына қатысты кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Жаңалықтар
0