пышақ

Шымкентте кәсіпкер мен қызын өз үйінде пышақтап тастаған

235
(Жаңартылды 17:00 05.04.2018)
Бизнесмен үлкен қызымен бірге темекі дүкенін ұстаған

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Шымкентте кәсіпкер мен оның қызының мәйіті өз үйінде табылды, деп хабарлайды өңірлік tvk-uko.kz сайты. 

Ер адам мен қызының мәйіті көптеген пышақ жарақатымен 3 сәуірде табылды. Оларды Жұманов көшесіндегі үйде күндіз сағат екілер шамасында жауыздықпен өлтіріп кеткен. Қылмыскердің қолынан қаза болғандарды кәсіпкердің кіші қызы тауып алған. 

70 жастағы ер адам мен 45 жастағы қызы бизнеспен айналысқан, олардың темекі мен оған қажет жабдықтарды сататын дүкені бар. 

Сайттың ақпараты бойынша Шымкент полицейлері күдіктіні ұстаған, ол адам өлтіргенін мойындады.


235
Кілт сөздер:
қылмыс, күдікті, мәйіт, пышақтап тастады, кәсіпкер, Шымкент
Загрузка...